12
сентябрь
2025
«Инклюзивті білім беру: ата-аналарға маңызды ақпарат».
2025 жылғы 12 қыркүйек күні ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың тақырыбы: «Инклюзивті білім беру: ата-аналарға маңызды ақпарат».
Ата-аналар жиналысының мақсаты – инклюзивті білім берудің мәні мен маңызын түсіндіру, ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау жолдары туралы ата-аналарды ақпараттандыру және мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Жиналыс барысында инклюзивті білім берудің негізгі қағидаттары, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып білім беру, мұғалімдер мен мамандардың рөлі, сондай-ақ ата-аналардың оқу-тәрбие үдерісіне қатысуының маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, ата-аналарға инклюзивті ортада балалар арасында өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру, балаға психологиялық қолдау көрсету жолдары туралы ақпарат берілді. Жиналыс соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.