Күш және қозғалыс » Страница 3 » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
25
май
2018

Күш және қозғалыс

Пән: жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күш және қозғалыс Мектеп: Б.Жылкелдин атындағы №30 ЖББМ
Мұғалімнің аты-жөні: Алжанбаева Л.А
Күні: 20.04.2018
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Қозғалыс дегеніміз не ?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.2.1 қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу;
1.5.1.3 қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету
1.5.1.1 «Қозғалыс» ұғымын түсіндіру
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді;
Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттейді, оларды сурет түрінде көрсетеді.
«Қозғалыс» ұғымын түсінеді.
Көбі:
Басқа денелердің әсерінен заттардың қозғалатынын біледі. Әртүрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіреді.
Кейбірі: қозғалыстың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын анықтайды.

Бағалау критерийлері 1.Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізеді;
2.Қозғалыс ұғымын түсінеді.
3.Қозғалыс түрлерін біледі
4.Дененің қозғалыс троекториясын сипаттайды.
5.Қозғалысты тудырған күшті атай алады.
6. Қозғалыстың өмірдегі маңызын анықтайды.

Тілдік мақсат Оқушылар: -әртүрлі қозғалыс түрлерінен мысал келтіре алады.
-нысанның қозғалыс траекториясын сипаттай алады.
-қозғалысты тудырған күшті ( қозғалу, итеру, тарту, тоқтату) атай алады.
Пәнге қатысты терминология: ( қозғалу, итеру, тарту, тоқтату)
Диалогке қажетті тіркестер:
-Бұны қалай қозғалтады?
-Мен бұны қалай жылдамдата, ақырындата, тоқтата аламын.
Құндылықтарды дарыту Сын тұрғысынан ойлау және қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс Математика, дүниетану
АКТ қолдану дағдылары Презентация интербелсенді тақта
Бастапқы білім Оқушылар балалар бақшасынан ойыншықтардың қозғалысы туралы біледі, ажыратады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.
Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.
Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,
Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.
Алға, артқа қарадық та – үш дедік.
Тағы жаңа жаттығулар істедік.
Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,
Отырайық көңілді енді марқайтып.
-Балалар, сендер қазір не істедіңдер? (-жаттығу)
-Жаттығуды қалай жасадыңдар? (-аяқ-қолымызды, басымызды қозғалттық)
Суреттерді таңдату, суреттегі денелердің қозғалысын көрсету арқылы топқа бөлу. (жылқы, кеме, көбелек)








Сабақтың ортасы

(Т) «Болжау» әдісі 1-тапсырма
Терезеден сыртқа қарап, 1-топ құстың, 2-топ машинаның, 3-топ балалардың қозғалысы туралы әңгімелейді.
Дескриптор:
1. Құстың қозғалысын анықтады, сипаттады.
2. Машинаның қозғалысын анықтады, сипаттады.
3. Балалардың қозғалысын анықтады, сипаттады.

Қ.Б. Топтар бірін бірі смайликтер арқылы бағалайды



(Ұ). «Сұрақтар қобдишасы» 2-тапсырма
1-топ қобдишадағы суреттерді алып, сол денелердің қозғалысын қимылмен көрсетеді,
2-топ сол денелердің атын табады.
3-топ заттардың қозғалыс траекториясын сызып көрсетеді.
Дескриптор: 1. Заттардың қозғалысын қимылмен көрсетті.
2. Жасырылған заттарды тапты .
3. Денелердің қозғалыс траекториясын сызды.

Қ.Б. Бармақ әдісімен бағаланады.




Тапсырма №3 (Ө)«Семантикалық карта»
-Төмендегі көрсетілген «Семантикалық картаны» әр оқушыға таратып беру.
- Картадағы сөздерді оқып беру.
Жануарлардың қозғалысына сәйкестендіріп ұяшыққа белгі қояды.



Өрмелейді
Шабады
Ұшады
Жүзеді
Секіреді
Жүгіреді

Дұрыс жауапты интербелсенді тақтадан көрсету.1
Дескриптор:
1. Жылқының қозғалысын анықтайды.
2.Құстың қозғалысын анықтайды.
3.Қоянның қозғалысын анықтайды.
4.Балықтың қозғалысын анықтайды.
5.Иттің қозғалысын анықтайды.
6.Маймылдың қозғалысын анықтайды.
Қ.Б смайликтермен бағаланады

(Т) «Топтастыру» әдісі 4-тапсырма
1-топ өздігінен қозғалатын денелерді, 2-топ күш жұмсау арқылы қозғалатын заттарды, 3-топ қашықтықтан басқару арқылы қозғалатын заттар берілген суреттерді топтастырады.
Дескриптор: 1. Адамдар, аңдар, жануарлар -өздігінен қозғалатын денелерді топтастырды.
2. Арба, коляска, ойыншық машина, күрек –күш жұмсау арқылы қозғалатын заттарды топтастырды.
3. Пультпен жүретін машина, робот, ойын автоматтары - қашықтықтан басқарылатын заттарды топтастырды.


күш жұмсау
арқылы
қозғалатын
денелер
өздігінен
қозғалатын қашықтықтан
денелер басқарылатын
денелер








Қ.Б «Отшашу» әдісі арқылы бағаланады


(Ө) «Суреттер галереясы» 5-тапсырма
Бізді қоршаған әлемде қозғалыста болатын дененің суретін салып, суреттер галереясына іледі.

(МК) «Позицияңды қабылда» «Иә» немесе «Жоқ»
Салған суреттері бойынша пікірлерді тыңдайды,
«Иә» немесе «Жоқ» деп жауап береді.

Дескриптор: 1. Қоршаған әлемдегі қозғалыста болатын денелерді анықтады. 2.Суретін салды.
3. Пікірді тыңдап түсінді. «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап берді.
4. Жауаптарын дәлелдеді.

Қ.Б стикермен бағаланады














































































Суреттер галереясы










Сабақтың соңы


Рефлекция, кері байланыс «Табыс сатысы »
әдісі бойынша жүргізіледі.





Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймын.
Қабілеті жоғары оқушыға қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызына дәлелдер келтіру туралы тапсырма беремін.
Сабақ мақсатына жетуде қолдау қажет ететін оқушы-ларға суреттер таратып, жетекші сұрақтар қоямын.
Оқушылардың қажеттілікте-рін қанағаттандыру үшін дең-гейлік тапсырмалар орындау-да бағыт бағдар көрсетіп, көмек беремін.
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлаймын


Бағалау-қалыптастырушы бағалау критерийлеріне сәйкес жүргізіледі.

1. Қ.Б стикермен бағаланады
2. Қ.Б бармақ әдісімен бағаланады.
3. Қ.Б бірін бірі смайликтер арқылы бағалайды.
4. Қ.Б Отшашу арқылы бағаланады
5. Қ.Б Мадақтау Пән аралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ пен байланыс құндылықтармен байланыс

«Суреттер галереясы» әдісін қолдану кезінде бояулармен жұмыс жасау қауіпсіздік ережесін сақтау.
Жаттығулар жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Рефлекция
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалады деп ойлаймын.
Бүгін оқушылар не үйренді? «Әсер ету» ұғымына мағынасы жақын сөздерді «итеру, тарту» қолданады.
Қозғалысы ұқсас денелерді анықтайды. Қозғалыс траекториясы туралы біледі.
Қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығына дәлелдер келтіреді.
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарланған саралау жақсы іске асады деп ойлаймын себебі, тапсырма оқушы деңгейіне сәйкес алынған.
Уақытты ұтымды пайдаланамын.
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге? Әрбір тапсырманы әдіс-тәсілмен түрлендіріп өткізу. Себебі, оқушының белсенділігін арттыру қажет.

Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)
1. «Болжау» әдісі
2. «Семантикалық карта» әдісі
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың оданда жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)
1. Қабілетті және қолдау қажет ететін оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
2. Қалыптастырушы бағалау түрлерін түрлендіру
Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?
1. Әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отыру.
2. Қозғалыс ойындарын кіргізу.