мақала » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
21
май
2018

мақала

Құқық бұзушылықтың алдын алу
Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осы мақсатта мектепте «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында 12 ақпан мен 23 ақпан аралығында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша онкүндік жоспарланған.Жоспарға сәйкес 16 ақпан күні ДТЖО Едилова Жаннаның ұйымдастыруымен кең көлемде ауқымды іс шара болып өтті. Осы іс – шараға қонақтар шақырылды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова С.А., Алтынбеков Р.А.-Жаңатоған ауылдық округінің әскери есепке тіркеу жөніндегі инспекторы. Мектеп инспекторы Мырзабаев Р, «Қостоған БА» психологы Камалова М, Мусаева Г., №14 орта мектебінің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тленчиева Ж.Т. қатысты.
8 – 10 сынып оқушылары арасында «Жасөспірім және заң» атты пікірталасты тарих пәнінің мұғалімі Ниеталиев Бекнұр жүргізді. Пікірталас барысында мұғалім оқушыларға құқық бұзушылық, заң, құқық туралы мәліметтер берді. Оқушылар қоғамда болып жатқан мәселелерді негізге ала отырып өз ойларын ашық айтып, қызу талқыланды.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Метеркулова С.А. соңында оқушыларға құқық бұзушылық туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайды

Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы білім беретін мектебінің
Директордың тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: Едилова Ж.И.
мақала
мақала
мақала
мақала