мерекелік іс шара » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » мерекелік іс шара
18
май
2018

мерекелік іс шара

А У Ы Л – А Л Т Ы Н Қ А З Ы Н А
Серікова Айнұр Серікқызы
№30 Б.Жылкелдин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Меркі ауданы.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамға жаңа бір серпіліс әкелгені баршаға аян. Ел ертеңіне көз салған Елбасы ұлттық құндылықтар арқылы келешек ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне мән бере отырып, « Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан шыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мне әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс.»


Мысыр, Хиуа, Қытайды жалғастырған,
Керуен жүріп сүрлеуін шаң бастырған.
Жібек жолдың бойында сұлу Меркі
Төскейінде таулары малдас құрған.
( Болат Әсілбеков ауыл тұрғыны)
Бұл өлең жолдары тарихы тереңге тартқан Жамбыл обылысының мерейлі Меркі шаһары жайында сыр шертеді. Меркі ауданы өзінің тамаша табиғатының сұлулығымен де талай жанды өзіне тамсандыратын және тармыры тереңге қанат жайған тарихымен де дараланатын киелі мекен. Дегенмен, сөз Меркі өңірі жайында емес, осы Меркі ауданының орталығынан шығысқа қарай күре жолдың үстімен жүре берсеңіз Мықан өзенінің төменгі жағындағы Мыңқазан елді мекені жайында болмақ.
Алды – шымырлаған қаракөк иірім, арты – жарқабақ. Иірімде балық шоршиды. Жарқабақта құрқылтай ұшып жүр. Өзен бойлап өскен нар қамыстың үкілі басы тербеледі. Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ мамырлаған дүние. Түрменің іші емес мыңғырған Мықан бойы. Үкілі қамыс, көк құрақ жасыл жыныс – жақсылықтың ордасындай, армандардың үміттердің аралындай тербеліп, сыңсып, сызылып тұр (10-11 беттер).
Мықанның бойы мамырлай қонған қаздардай, қатар-қатар тігілген кілең ақ үйлер. Ерсілі-қарсылы шаншыла шауып, табақ тартқан жігіттер. Маңқаздана будақ-будақ көтерілген көк түтін. Берекелі қазанның түтіні де жоқ. Ауыл жағалай қаңтарулы аттар. Ауыл сыртында түсауымен секіріп жүрген аттар. Кимешектері шұбатылған бәйбішелер, шолпысы сылдырлаған келіншектер, үкілері желкілдеген бикештер.
Арқасын асқар тауға тіреген шалқақ ауыл. Уықтары шаңырақтарды емес, аспанның өзін тіреп тұрғандай, киіз үйлердің төбелері тәкаппарлана кекірейіп тұр. Жан-жағы жасыл масаты, зүмірет теңіз ортасына ақ арал орнай қалғандай екен (61 бет).
Бұл үзінділер қазақ әдебиетінің көрнекті жазушыларының бірі және бірегейі Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» (Екінші кітабы Тұрар) романынан алынған. Бұл көркем әдебиеттегі ауыл тіршілігінің сұлу да, көркем қазақы келбеті.
Мыңқазан атауы осы елді мекеннің бұрыннан келе жатқан тарихи аты болып саналады. Бұл атаудың екі слабовидящих бар. Бірі тарихи оқиғамен байланысты аталса, енді бірі ауылдың географиялық орналасу орнымен байланысты.
Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда шамамен ХІХ ғасырдың орта кездерінде қазіргі Мықан өзенінің бойында әскерлердің жаттығу алаңы болған делінеді. Мықан айналасы ну қалың қамыс, ағаш, шырша бұталары көп, су көздері де көп болған. Сондықтан да әскери ойындарға, әскерлердің күн көріс қамына қолайлы жер болған. Ауылдың шығыс тұсында «Қарауылтөбе» мен батыс жағында «Майтөбе» деп аталатын екі төбе бар, осы төбеде күзетшілер тұрған. Сан мың әскерлерді тамақтандыру үшін мыңдаған қазан асылып, ас әзірленген. Ас әзірлеу мақсатында көптеген жер ошақтар қазылып, басқадай әскери жаттығуларға лайықталынып мыңдаған шұқырлар қазған. Әскери жорық ары қарай жылжып кеткеннен кейін, жергілікті халықтар қоныстанған. Осы бір тарихи аңызға негізделіп ауыл атауы «Мыңқазан» деп аталып кеткен.
Екінші бір баламасы ол ауылдың географиялық орналасуына байланысты аталған. Майы шыққан Мыңқазанның жері , жаз айларында ұзақ уақыт құрғақшылық болса да жері ылғалды болып тұрады.Оның мәні Мықан өзенінің жақын жатуында болса керек. Мықан өзені кішігірім өзен. Қызылсай ауылының төменгі жағынан басталатын өзен суы тура біздің ауылдың тұсына келгенде көбейеді. Қар және жер асты суымен қоректенеді. Өзеннің ені 40 метр. Көктемде суы молайып, жаз айларында төмен түседі. Бірақ тартылып кетпейді. Оған себеп өзеннің жағасы мен түбінде бұлақтар өте көп. Жағасы қамыс, қоға, қызыл мия, жоңышқа, таспа жоңышқа сияқты өсімдіктер өте көп. Өзеннен балық ауланады . Суының емдік қасиеті бар. Мал жайылымына өте қолайлы. Жаздың кешқұрым кезінде өзен жағасы у-шу болып жатқаны. Ауылдың жан-жағында көптеген сайлар бар. Сайлардың барлығы кішігірім көлшіктерге айналған, ол көлшіктер жер астынан бұрқырап шығып жатқан қайнарлардың суының жиналуынан пайда болған. Көлшіктердің көптігінен ауыл атауы «Мыңқазан» делінген.
Содан бертін келе жер-жерде селолық советтер жеке дара бөлінген кезде Мыңқазан ауылы қазіргі Жаңатоған селолық округінің қарамағына енген. Ұсынылған бұл деректер нақты болмаса да, ауыл тұрғындары осы бір аңызға сеніп, өз ауылының атауымен мақтанады. Ауыл халқы мал шаруашылығымен, егін шаруашылығымен айналысады. Мықан өзенінің жағалауындағы жерлерді игеру барысында ауыл тұрғындары қыш құмыра, қол диірменін және қоладан құйылған әшекей бұйымдар табылған. Кім білсін әлгі қыш құмыра мен қол дирмені кезінде кімдерге қызмет етті, өздерімен бірге қандай сырды сақтап жатқаны бізге беймәлім, жұмбақ. Сонымен қатар ауыл төңірегінде ежелгі аталарымыздың қонысы болған ба, әлде жаудан қорғану үшін салынған ба, әйтеуір үлкен-үлкен төрт төбешік бар. Бұл төбені ауыл халқы «Төркүл» деп атайды. Бұл төбешіктерде «Тарихи ескерткіш мемлекет қарауында» деген тақтайшамен қоршалған.
Туған жерді сүю – парыз,
Сүю үшін білу – парыз.
Қасиетін ұғу – парыз.
Күзетінде тұру - парыз.
Әркімнің туған жері - өзіне ыстық мекені. Оның тарихы мен шежіресін білу азаматтық парызы, міндеті деп білемін. Мыңқазан ауылы бірлігі жарасқан, ынтымағы арттқан құт мекен. Қойнау тарихи жұмбаққа толы мекеннің бар тарихымен мақтанамыз. Ұрпақтары ауылының тарихын мақтанышпен айтады.

Похожие публикации:

19 май 2018 іс шаралар