05
март
2020
Ана -өмірдің гүлі
Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай "Ана өмірдің гүлі" атты мерекелік іс - шара ұйымдастырылып өткізілді.Іс - шараға мектебіміздің ардагер,ұлағатты ұстаздары Тайжанбаева Роза, Сұлтанқұлова Бүбайша, Әкімбаева Меруерт,Шолпанқұлова Аягөз, Шағатаева салтанат, Қасымова Әлия, Қалдыбекова Жұпар шақырылды. Осы ұстаздарымызға арнап мектептің әнші,өнерлі жас ұстаздарымыз ән - жырларын арнады. Сонымен қатар 2 сынып жетекшісі Еркетаева Сандуғаш ата-аналарын шақырып кең көлемде тәрбие сағатын өткізді.