22
апрель
2026
ББЖМ-ге дайындық – табысқа бастар қадам
ББЖМ-ге дайындық – табысқа бастар қадам
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 4, 9-сыныптарда ББЖМ-ге байланысты дайындық жұмыстары күнделікті жалғастырылуда. Дайындық кезеңінде пәндер бойынша түрлі тапсырмалар орындалып, онлайн платформаларында жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, қолдауды қажет ететін оқушылармен қосымша жеке жұмыстар өткізіліп, олардың білімін жетілдіруге назар аударылуда.
Оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану бағытындағы пәндерден әр оқушы бойынша білім сапасына мониторинг жүргізіліп, қиын тақырыптар мен оқу мақсаты қиындық туғызатын тақырыптарды меңгертуде тиімді түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақтар өткізілуде.