18
июнь
2025
«Табиғат аясына саяхат»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде
2025 жылдың 18- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың ІІ-ТОП жетекшісі «Сәуле KIDS» Мырзахметова Н.Л., жоспар бойынша «Табиғат аясында» күніне «Табиғат аясына саяхат» сәтті ұйымдастырылды.
Саяхаттың негізгі мақсаты – балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық қарым-қатынас орнату болды.
Балалар ауыл табиғатына(немесе өзге табиғи жерде):
- табиғи орта туралы мағлұмат алды,
- түрлі танымдық және спорттық ойындарға қатысты,
- тазалық сақтау және табиғатты аялау ережелерін талқылады.
Іс-шара барысында балалардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді. Барлық оқушылар саяхатқа белсенді қатысып, жағымды әсер алды.