«Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі»
Қыркүйек айының 05.09. күні 3- сыныпта білім алушылармен 5 сентябрь- Қазақстан халқы тілдер күніне орай «Мемлекеттік тіл-ұлт тірегі» атты тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
'Тіл-халық мұрасы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.
Мейрамның жаңа датасы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған. Бүгінгі күні қазақ тіл білімімен және әдебиеттануымен айналысқан ағартушы және ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Бұл мереке туған тілге деген құрмет мен сүйіспеншілікті, сондай-ақ, өзге ұлттардың мәдениеті мен дәстүрін танып, білуге бағытталған.
Сабақ мемлекеттік Әнұранмен басталды.
"Шаттық шеңбер" арқылы тілдің маңызы туралы айтылды.
"Кім тапқыр?" ойыны арқылы сұрақтарға жауап берді.
" Мақал сөздің-мәйегі" айдарында білім алушылар мақал- мәтелдің жалғасын тапты.
Сабақ " Құпия сөз" ойыны арқылы аяқталды.
Сабақ соңында "Менің сөзім" әдісі арқылы кері байланыс жүргізілді.
Сынып жетекшісі: Балабекова Ж.С.