«Бейтаныс адамдардың қулығы» » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Бейтаныс адамдардың қулығы»
30
сентябрь
2024

«Бейтаныс адамдардың қулығы»

2024 жылдың 30-қыркүйек айында «Бейтаныс адамдардың қулығы» атты тақырыбында қауіпсіздік сағатын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.

Сабақтың мақсаты: балаларды түрлі жағдайларда бейтаныс адамдармен өзін дұрыс ұстауға үйрету.

Берілген суреттерді қарап шығып, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтады. 

Топтық жұмыс жүргізілді. Әр топ түрлі жағдаяттар жазылған карточкаларды алып, сахналап көрсетті. Дайындыққа 2 минут берілді. 

1-топ. Бейтаныс адам өзін баланың анасының танысымын деп, баланы өзімен бірге баруға көндіргісі келеді. Мысалы, «Менімен бірге дүкенге барасың ба, мен саған кәмпит сатып әперемін», «Менің үйімде тотықұс бар, сенімен достасқысы келеді». 

2-топ. Сымбатты жас жігіт баланы өзінің жаңа машинасына отыруға шақырады: «Отыр! Үйдің жанында машинамен жүреміз. Рульге отырғың келе ме? Біз шамалы серуендейміз. Тіпті анаң да білмей қалады».  Жауап беру үлгісі «Рақмет, мен асығыспын!», «Кешіріңіз, мені анам күтіп отыр», «Бізде де дәл осындай машина бар», «Мен сізбен сөйлескім келмейді!». 

3-топ. Бейтаныс адам пәтердің қоңырауын соғады. Жеделхат әкелгенін айтады. Балалар үйде жалғыз болады. Балалардың жауаптары: «Қазір мен анамды шақырамын (көршісіне телефон соғады), «Анам ваннада, кішкене күте тұрыңыз». 

4-топ: Бала гипермаркетте адасып қалады. Ол не істеуі керек? 

Жүгіріп анасын іздейді.