Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы
23
октябрь
2023

Ата -аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Хабарландыру!!!
Құрметті, мектебіміздің ата-аналары
Хабарландыру!!!
Құрметті, Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің ата-аналары...
Жамбылская область әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік орталығы "2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы " әдістемелік Нұсқау хатында мектептердің ата-аналар қауымдасытығымен өзара іс-қимылын нығайту, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын құру биылғы оқу жылының негізгі ерекшеліктерінің бірі ретінде айқындалғанын хабарлаймыз.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты мектебімізде құрылатынын ескертеміз. Яғни, мектебімізде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы- кабинеті ашылуда.
Мақсатымыз: Ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреде және балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік беретінін хабарлаймыз.
Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту негізгі жұмыстарымыз.
Сондықтан, мектебімізде ата-аналарды қолдау балалардың жас ерекшелігіне сай білім беру курстарының бірін таңдауға сәйкес жүзеге асырылады. Әр сәрсенбі 1-4 сыныпоқушылары; 5-9 сынып оқушылары; 10-11 сынып оқушылары ата-аналарына арнайы берілген тақырыпта, тәжірибесі мол,шығармашыл ұстаздардың дайындығымен ата-аналар қауымына сабақ жүргізіледі. Көлемі 8 сағаттық курсты оқу ұзақтығы-бір оқу жылы. Мектеп ата-аналарын дұрыс түсіністікпен арнайы сабаққа шақырамыз.
Өтілетін орны- АКТ залы.