19
февраль
2025
Ұлттық дәстүр- ұрпаққа өнеге Ақпан айының 19 күні


Ұлттық дәстүр- ұрпаққа өнеге Ақпан айының 19 күні Байсейіт Жылкелдин атындағы N30 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие "бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып,"Даналық мектебінің" жоспарына сай салт-дәстүрімізді дәріптей келе 5 -9 сыныптарының арасында "Сырласайық, жеңеше!" байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасы құндылығының маңыздылығын түсіндіру, жанұядағы жеңге мен қайын сіңлі арасындағы сыйластықты арттыру . Қазақ халқының мәдени п, ұлттық салт-сананы, қазақ қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген отбасы мәртебесін нығайту.
Іс-шараға аталған сыныптардан 6 жеңге қатысып, өз өнерлерін ортаға салып , қолөнер бұйымдарын қорғады. Ақ дастархан басында қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жеңге мен қайын сіңлі жайында қойылған жағдаяттық сұрақтарға жауап берді.
"Қыз өссе - елдің көркі" дегендей үлгілі отбасында инабатты жеңге ,аяулы ана бола білген жеңгелеріміз - көпке үлгі,өнеге .
Ұйымдастырушы:ДТІЖО: Едилова Ж.Ы.