"Өзін-өзі басқару" ұйымы » Страница 3 » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
« Көңілді үзіліс» « Х–О » ойыны
05
февраль
2026
« Көңілді үзіліс» « Х–О » ойыны
Мектебімізде өзін - өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларына арналған "Көңілді үзіліс" «Х–О» ойыны өткізілді. Бұл ойын — үзіліс кезінде ойнатылатын, тез әрі қызықты логикалық ойын. Ойын 3×3 торкөзден тұратын алаңда өтеді. Екі ойыншы кезекпен Х және О белгілерін бос ұяшықтарға қояды. Мақсат — өз белгісін көлденең, тік немесе қиғаш бағытта қатарынан үш рет орналастыру. Барлық ұяшық толып, жеңімпаз анықталмаса, ойын тең аяқталады. Бұл ойын зейінді сергітеді, ойлауды дамытады
« Көңілді үзіліс»  «Әріптерден сөз құрау»
04
февраль
2026
« Көңілді үзіліс» «Әріптерден сөз құрау»
Мектебімізде сынып жетекшілердің онкүндігі аясында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Көңілді үзіліс» атты «Әріптерден сөз құрау» ойыны өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – білім алушылардың сөздік қорын молайту, ойлау жылдамдығын арттыру және логикалық қабілеттерін дамыту. Ойын барысында оқушылар берілген әріптерден мағыналы сөздер құрап, белсенділік пен тапқырлық танытты. Шара қызықты әрі жоғары деңгейде өтті.
« Көңілді үзіліс» атты «Кім жылдам?» ойыны
03
февраль
2026
« Көңілді үзіліс» атты «Кім жылдам?» ойыны
Мектебімізде сынып жетекшілердің онкүндігі аясында өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен «Көңілді үзіліс» атты «Кім жылдам?» ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың ойлау қабілетін, жылдамдығы мен тапқырлығын дамыту, бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізуге ықпал ету. Ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, жақсы көңіл күйде қатысты. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл кhouseсыйлады.
"Жүректен жүрекке" челлендж
27
January
2026
"Жүректен жүрекке" челлендж
Бүгін Өзін – өзі басқару ұйымы « Жүректен жүрекке» челлендж ұйымдастырды.Мақсаты: Адамдар арасындағы рухани байланысты нығайту, өзара сенім мен түсіністікті қалыптастыру, шынайы сезім мен ойды риясыз түрде жеткізу арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу.
«Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты» волонтерлік акциясы
22
January
2026
«Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты» волонтерлік акциясы
«Қамқор» жобасы аясында «Қар десанты» волонтерлік акциясы өтті. «Қамқор» жобасы аясында 10 сынып оқушыларының ұлдарының қатысуымен «Қар десанты» волонтерлік акциясы өтті. Оқушылар жауған қарды тазалау жұмыстарына белсене қатысып, айналасына пайдалы іс атқарды. Бұл акция оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және мейірімділікке тәрбиелейді. Кішкентай игі іс – үлкен адамгершіліктің көрінісі. Оқушылар мектеп ауласын қардан тазартуға белсене қатысты.
«Жаяу жүруші – назар аудар!» тақырыбында бейнефильм
16
January
2026
«Жаяу жүруші – назар аудар!» тақырыбында бейнефильм
Меркі ауданы білім бөлімінің 13.01.2026 жылғы № 37 хатына сай 2026 жылдың 16-шы қантар күні «Оқушылар арасында жолда жарақаттанудың алдын алу және жолда жүру ережесің уйрету» мақсатында 1- 4 сыныптар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Мақсаты:оқушылардың жол ережесі туралы білімдерін кеңейту,жол белгілерін ажырата білуге үйрету,жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып,көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білуі адам өмірі үшін қажеттілігін түсіндіру
"Ашық микрофон" күні
08
January
2026
"Ашық микрофон" күні
Бүгін мектебімізде парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен " Ашық микрофон" күні өтті.
"Қош келдің Жаңа жыл" концерт
29
December
2025
"Қош келдің Жаңа жыл" концерт
Мектебімізде 25-26 сы күндері «Қош келдің , Жаңа жыл!»тақырыбында іс-шара өтті.Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұматты жетілдіру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
" Туымды көтер" Патриоттық акция
16
December
2025
" Туымды көтер" Патриоттық акция
Мектебімізде отансүйгіштік рухты нығайту, Мемлекеттік Туға деген құрметті арттыру мақсатында «Туымды көтер» патриоттық акциясы өткізілді. Акция барысында оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын мақтанышпен көтеріп, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Мемлекеттік Ту — тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және жарқын болашағымыздың нышаны. Осындай шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, ел болашағына деген жауапкершілікті арттырады.
"Жас Ұлан" және "Жас қыран" ұйымына қабылдау
15
December
2025
"Жас Ұлан" және "Жас қыран" ұйымына қабылдау
Бүгін мектебімізде оқушыларды «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мүшелігіне қабылдау іс-шарасы өткізілді. Аталған шараның мақсаты: Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар ,өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын,өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді , дәстүрімізді ,ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру