«Гигиеналық тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында психологиялық кеңес » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Гигиеналық тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында психологиялық кеңес
06
April
2026

«Гигиеналық тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында психологиялық кеңес

Сәуір айының 6-сы күні 9–11 сынып қыздарына арналған «Гигиеналық тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында психологиялық кеңес өткізілді.
Кеңеске ДТІЖО , педагог-психолог және мектеп медбикесі қатысты.
Кездесу барысында қыз балаларға жеке бас гигиенасын сақтаудың маңызы, оның денсаулыққа және өзін-өзі бағалауға әсері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, жасөспірім кезеңіндегі күтім ерекшеліктері мен дұрыс дағдыларды қалыптастыру жолдары талқыланды.
Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Еркін форматтағы әңгіме қыздардың ашық пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер жасөспірімдердің өз-өзіне деген сенімділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді.