“ИСЛАМ – БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ”, "Жігітке жеті өнер де аз" » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » “ИСЛАМ – БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ”, "Жігітке жеті өнер де аз"
17
September
2025

“ИСЛАМ – БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ”, "Жігітке жеті өнер де аз"

“ИСЛАМ – БЕЙБІТШІЛІК ДІНІ”, "Жігітке жеті өнер де аз"
Жаңатоған ауылдық округінде “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспектор-теологі Б. Пірназаровтың қатысуымен кездесу өтті.
Шара барысында ислам дінінің құндылықтары, оның бейбітшілікке, бірлікке және адамгершілікке шақыратын негізгі қағидалары кеңінен түсіндірілді. Теолог жастарға ислам дінінің радикалды ағымдарға қарсы екендігін, шынайы мұсылмандықтың елге, жерге адал қызмет етумен, ізгілік пен татулықты насихаттаумен байланысты екенін атап өтті.
Сонымен қатар қатысушыларға діннің қоғамдағы орны, ұлттық құндылықтармен үйлесімділігі, жас ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызы жөнінде кең мағлұмат берілді.
Кездесу соңында жастар өз сұрақтарын қойып, теологпен ашық пікір алмасып, рухани құндылықтарды дәріптеудің қоғам тұрақтылығы үшін аса маңызды екенін түсінді.