14
March
2024
14 наурыз – Көрісу күні
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 14 наурыз – Көрісу күніне орай тәрбие сағаттары мен іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету. Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар. Осы мақсатта оқушылармен, мектеп ұжымымен іс - шаралар өтті.