06
November
2022
Ауылдан шыққан Әлем чемпионы
Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері "Құсбегіліктен" Мемлекеттік Рәміздердің 30 жылдығына арналған Семей қаласы, Абай облысы, Үржар ауданында 2022 жылдың - қараша айының 3 - 6 аралығында Әлем чемпионаты өтті. Әлем чемпионатына Қазақстан, Қырғызстан,Өзбекстан,Түркия,Ресей,Украйна,Қытай,Монғолия мемлекеттерінен 62 бүркітші қатысты. Осы әлем чемпионатына аулымыздың тұрғыны,мектебіміздің түлегі Бабажан Серікболсын Жалғасұлы қатысты. Осы жарыстың жеңімпазы атанып, тұңғыш Әлем чемпионы атанды.