03
September
2025
«Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты» педагогтармен тренинг
Мектебімізде қыркүйек айының 2 -сі күні мұғалімдердің психологиялық жағдайын жақсарту, эмоционалдық қажудың алдын алу, жағымды эмоционалдық ахуал қалыптастыру мақсатында «Мұғалімнің психологиялық әл-ауқаты» тақырыбында тренинг өткізілді. Педагогикалық ұжым мүшелері эмоционалды жағымсыз күйден арылуға, жан дүниелерін сергітуге, жылдам ойлау дағдыларын қалыптастыруға, кәсіби құлшынысын арттырып, жігерлендіріп, көңіл-күйлерін көтеруге, жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік алды. Қатысушылар өз пікірін ашық айтты, белсене атсалысты.

