Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы
22
февраль
2022

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы

АНЫҚТАМА


        2022жылдың 22 ақпан   күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді.

       Асханадағы жиhаздардың жағдайы талапқа сай. Асхана және ас houseыдыстарының асхана аспаптарының жай –күйі бойынша сәйкес келеді,толықтыру қажет. Ас блоктарында шамдарда қорғаныш арматурасының ылғалдан қорғанышы бар шамдар талапқа сәйкес емес.

      Шамдарды ауыстыру ұсынылды.Тамақ қалдықтарын жинауға арналған сыйымдылықты таңбалау бойынша краскамен таңбалау ұсынылды.Термометр бір дана ғана қойылған. Тыйым салынған тағамдармен өнімдер сатылған жоқ.Тұрмыстық бөлмеде арнайы киімнің қосалқы жиынтығы болған жоқ.Арнайы киімді сақтауға арналған шкаф жоқ.Күнделікті мәзір перспективалық мәзірге сәйкес.

     Асхананың жұмыс кестесі сақталынынып,сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сыныптар бойынша тамақтану кестесі мен тамақтану арасындағы аралық сақталынған.Дайын өнімнің сапасы сәйкес келеді. Асханалық аспаптарды дұрыс сақтап, қасықтарды, шанышқыларды жоғары қаратып қойған.Жуу құралдарына арналған сертификаттар бар.Тоңазытқышта тауар көршілестігі сақталынған.

     Келіп түскен өнімнің сапасы нормаларға сәйкес.Денсаулық журналында  ас блогы қызметкерін тексеру нәтижелері жазылған.Арнайы киімнің қосалқы жиынтығы жоқ.Асхананың санитариялық –эпидемиологиялық жай –күйі талапқа сәйкес келеді.