![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2023-10//1697454517_5synyp-1.jpg)
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2023-10//1697454555_5synyp-2.jpg)
5 - сынып оқушыларының мектепке бейімделу деңгейін анықтау, оқушылардың мектепке деген қызығушылығын арттыру, қорқынышын жою, орта буынға бейімділігін анықтау мақсатында орта буынға бейімделуге байланысты оқушылармен сұрақтар қойылып, әңгіме айтылды. Мектеп өмірінде 5 сыныпқа көшуге байланысты қандай жаңалықтар пайда болғаны туралы әңгіме жүргізілді. Айтылған әңгімелерді жинақтап келесі сұраққа жауап беруді өтінеді: “5 сыныпта барлық пайда болған жаңалықтар қызық па, әлде қиын ба?” Оқушылардың әңгімесінен кейін 5 сыныптағы оқу қиын әрі қызық іс деген ойға жетелейді. Оның үстіне әрбір бесінші сынып оқушысының жеткілікті түрде қиындықты жеңуге бейімделу жұмыстары жүргізілуде. 5- сынып оқушыларымен үнемі байланыста болу,психологиялық тұрғыдан жиі зерттеулер жүргізу, тренинг, сауалнамалар алу. Сынып жетекшілерінің ата-аналармен тығыз байланыста болуын қадағалау.