09
December
2021
«Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті
![](http://30-merki.mektebi.kz/uploads/posts/2021-12/thumbs/1639051713_20211123_155019.jpg)
Байсейіт Жылкелдин атындағы № 30 жалпы білім беретін мектебінде қараша айында «Жасөспірімдер арасында суицидттің алдын алу» айлығы болып өтті. Айлық аудан білім бөлімінен келген хатқа сәйкес жоспар құрылып,жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Суицидаралық мінез құлыққа бейімділікті анықтау мақатында оқушылардың арасында «Сирса» мазасыздық шкаласы тесті 8-11 сынып оқушыларынана алынып, нәтижесінде 8-11 сынып оқушылары арасында Сирса мазасыздық шкаласы тестіне 66 оқушы қатысты. Тесттің қорытындысы бойынша қатысқан оқушылар 20 баллға дейін жинап – мазасыздық деңгейінің болмағандығы анықталды.Сонымен қатар 5-7 сынып оқушыларының арасынан: адамның дәл қазіргі психологиялық-эмоциялық жағдайын, өзіндік көңіл-күйін анықтау мақсатында «Ағаш» әдістемесі алынып, нәтижесінде жалпы әдістемеге қатысқан оқушылардың өзіндік бағалаулары жақсы, таңдаған бағыттары, психологиялық ахуалдары жақсы, эмоционалдық жағдайлары тұрақты екендігі анықталды.