30
September
2021
Түнгі қаладағы балалар рейді
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта мектебінде 2021 жылдың қыркүйек айында «Түнгі қаладағы балалар» акциясы барысында мектепке қарасты мөлтек аудандарға күндізгі және түнгі рейд іс –шарасы ұйымдастырылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта қоғамдық орындарда жүруі, оқудан жалтарып қаңғыбастыққа салынуы сияқты, түрлі теріс іс-әрекеттерге барып, күндізгі және түнгі уақытта тойханаларда даяшы болып жұмыс істеулерінің алдын алу мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында мектеп аумағында орналасқан дүкендерге, жеке шаруа қожалықтарына, көшелерге рейдтер жүргізілді. Барлығы 5 күндізгі рейд, 4 кешкі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейдті ДТЖО Ж.Едилова,және АӘД мұғалімі Ж.Кәдірсізов пен рейд мүшелері жүргізді. Бірлескен топ күндіз сабақтан жалтарып қаңғыбастыққа салынып жүрген оқушыларды, түнгі уақытта кафелер мен дүкендерде жұмыс жасап жүрген және түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген оқушыларды анықтау және олармен түсіндіру жұмысын жүргізу көзделді. Рейд барысында «Мынқазан» және мектепке жақын жерде орналасқан кіші дүкендерде, күндіз сабақтан жалтарып қаңғыбастыққа салынып жүрген оқушылар анықталған жоқ. Рейд барысында қараусыз қадағалаусыз қалған, сабаққа қатыспай жүрген түнгі уақытта, көшелерде, кафелерде жұмыс жасап жүрген балалар анықталған жоқ.