19
March
2021
"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" көмек
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 22 наурыз мейрамының жоспарына сай 18.03.2021 жылы "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" атты тақырыпта бастауыш сыныптың ата - аналары атап айтсақ, Каева Элена, Усипбекова Ботагөз, Еримбекова Эльвира т.б басқа ата-аналар қайырымдылық акцияға қатысып өз көмектерін көрсете білді.«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа - жан риза» дегендей қамқорлыққа алынған балалардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу әрбір адамның азаматтық парызы.
Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір - біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. осы ата-аналарға біз рахметімізді айта отырып, әр қашан отбасыларыңызда тек жақсылықтар мен қуыныштар бола берсін деп тілегімізді білдіреміз.