«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап – сарқылмас бұлақ» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап – сарқылмас бұлақ»
30
March
2026

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап – сарқылмас бұлақ»

     Бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Ж.С. 4-сынып білім алушыларымен «Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Кітап – сарқылмас бұлақ» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының дәйексөзі ретінде «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең» нақыл сөзі негізге алынды.

Сабақтың мақсаты:
 
Schoolchildren білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Ғылым мен білімнің пайдасы туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың кітапқа және кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, кітапты күтіп ұстауға тәрбиелеу.

Сабақ барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі рөлі туралы пікір алмасып, өздерінің сүйікті кітаптары жайлы әңгімеледі. Кітапты дұрыс пайдалану, күтіп ұстау ережелері түсіндірілді. Оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындалды.

Қауіпсіздік сабағы:
 
«Желідегі жалған фейктерден қалай сақтануға болады?» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Schoolchildren интернеттегі жалған ақпаратты ажырату, ақпарат көздерін тексеру, сенімді дереккөздерді пайдалану және жеке мәліметтерді қорғау ережелері түсіндірілді.

Мақсаты:
 
Ғаламторды қауіпсіз қолдану ережелерімен таныстыру, ақпараттық сауаттылықты қалыптастыру және жалған ақпараттан сақтануға үйрету.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар кітаптың маңызын түсінеді; 
  • Кітапқа деген қызығушылығы артады; 
  • Оқу мәдениеті қалыптасады; 
  • Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін біледі және қолдана алады. 

Feedback:
 
Сабақ соңында оқушылар өз ойларын білдіріп, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы қорытынды жасады. Интернеттегі қауіпсіздік ережелерін атап өтті.

Бағалау:
 
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларға қатысуы қалыптастырушы бағалау арқылы бағаланды, ауызша кері байланыс берілді.

Қорытынды:
 
Тәрбие сағаты білімдік және тәрбиелік тұрғыдан жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып, ақпараттық қауіпсіздік дағдылары қалыптасты.