«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
19
January
2026

«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

2025–2026 оқу жылы барысында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында сынып жетекшісі Балабекова Жадыра Сарсеновна 4-сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағатын және «Тамақпен эксперимент  жасаудың қауіптілігі» сабағын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын түсіндіру, өзара сыйластыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, қауіпсіз және қолайлы орта қалыптастыру.

Сабақ барысында зорлық-зомбылықтың түрлері, оның бала психологиясына әсері туралы түсіндіріліп, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың дұрыс қарым-қатынас дағдылары қалыптастырылды. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, белсенділік танытты.

Қауіпсіздік сабағында оқушыларға өз құқықтарын қорғау, қиын жағдайларда сенімді ересектерге хабарласу, көмек сұрау жолдары түсіндірілді. Төтенше жағдайларда арнайы қызметтерге жүгіну қажеттігі айтылды.

Аталған іс-шаралар оқушылардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға, бір-біріне құрметпен қарауға және зорлық-зомбылықсыз орта құруға бағытталды.