«Дос боламыз бәріміз» тренинг, «Досыма хат» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Дос боламыз бәріміз» тренинг, «Досыма хат»
20
June
2025

«Дос боламыз бәріміз» тренинг, «Досыма хат»

 Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 

2025 жылдың 20- маусым күні «Күншуақ» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп жанындағы жазғы лагерь аясында өткізген бастауыш сыныптың І-ТОП «Балапан STARS» Ниеталиева М. жоспар бойынша «Достық» күніне «Дос боламыз бәріміз»  тренинг, «Досыма хат» тақырыбында ұйымдастырып өткізді.

Мақсаты:

  • Балалар арасында достық, сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату
  • Эмпатия, өз ойын еркін жеткізу, пікір алмасу дағдыларын дамыту
  • Адамгершілікке, бір-біріне қамқор болуға баулу

Шараның мазмұны:

Тренинг барысында балалар:

  • «Досыма хат» атты жаттығу арқылы досына арнап хат жазып, жақсы тілектерін білдірді
  • «Жылы сөздер шеңбері», «Сен маған керексің», «Жолдасыма тілек» сияқты топтық ойын-жаттығуларға қатысты
  • Бір-бірімен ашық, сенімді әңгімелесіп, ұжыммен үйлесімді әрекет етуге дағдыланды
  • Қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, бір-бірін түсіну жолдарын үйренді

Күтілетін нәтиже:

  • Балалардың арасында достық пен бірлік күшейді
  • Өз ойын еркін, мәдениетті түрде жеткізе білді
  • Эмоциялық қолдау мен ұжыммен бірлесе жұмыс істеу қабілеті артты
  • Жағымды қарым-қатынас дағдылары қалыптасты