«Алтын балалық шақ» тынығу сауықтыру лагері » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Алтын балалық шақ» тынығу сауықтыру лагері
02
June
2025

«Алтын балалық шақ» тынығу сауықтыру лагері

Тақырыбы: «Алтын балалық шақ»

Күні:  02.05.2025 жыл

Өткізілген орны: Мектеп ауласы

Түрі: Салтанатты жиын

Қатысушылар: Оқушылар, ата-аналар, тәрбиешілер

Жауапты: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, лагерь басшысы

                                                  

            Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 02 маусым күні "Күншуақ" тынығу лагерінің ашылу жиыны болып өтті. 

МақсатыМектеп жанындағы жазғы лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету.

Лагерге тынығушы балаларымыз өз өнерлерін паш етіп, ашық аспан астында түрлі ойындар ойнатылды. Түрлі түсті бояулармен асфальтта суреттер салды. 

Лагерь барысында балалар жазғы демалыс уақытын тиімді өткізеді, шығармашылықпен айналысады, дамытушы ойындар арқылы қызығушылықтары арта түседі деп мол сеніммен айта аламыз!

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ауданымызда “Алтын балалық шақ»” атты мерекелік іс-шара ерекше сән-салтанатпен өтті.

Мерекелік алаң түрлі-түсті шарлармен, гүлдермен безендіріліп, балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайтын көрініске айналды. Мектеп директоры Г.С.Шаймерденова балаларды мерекелерімен құттықтады. Лагерь кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен лагерь басшысы Ж.С.Балабекова түсіндіріп өтті.

Іс-шара ерекше әсер сыйлап, олардың жүздеріне шаттық пен күлкі ұялатты. Балғындардың қуанышы бұл күннің басты көрінісіне айналды.

  • Мектебіміздің өнерлі оқушылары сахнада өз таланттарын көрсетіп, ән мен би арқылы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Балабақша тәрбиеленушілері де өз өнерін ортаға салып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
  • Мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Едилова Ж.Ы. балаларды мерекемен құттықтап, оларға ақжарма тілегін арнады. Сонымен қатар, демеушілер атынан оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс етілді.