09
December
2024
“Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері”
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 09.12.2024 жылы өмір қауіпсізідігі негізінде 3-сынып оқушыларымен бастауыш сынып мұғалімі Балабекова Жадыра Сарсенқызы “Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері” тақырыбында төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіздік ережелері тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырып өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
Сабақтың мақсаты:
- Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік шаралары мен ережелерін оқушыларға үйрету.
- Жер сілкінісіне дайын болу және қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
- Оқушыларды табиғи апаттарға дайын болуға, өздерін және басқаларды қорғауға үйрету.
Сабақтың міндеттері:
- Жер сілкінісі туралы түсінік қалыптастыру.
- Жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелерін үйрету.
- Оқушыларды дұрыс әрекет етуге, өз өмірін қорғауға тәрбиелеу.
Орындаған: Бастауыш сынып мұғалімі: Балабекова Ж.С.
Ұйымдастырған: ДТЖО: Едилова Ж.Ы.