«Бейтаныс адамдардың қулығы» » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Бейтаныс адамдардың қулығы»
17
December
2024

«Бейтаныс адамдардың қулығы»

2024 жылдың 17-желтоқсан айында «Бейтаныс адамдардың қулығы» атты тақырыбында қауіпсіздік сабағын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра өткізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.

Сабақтың мақсаты: балаларды түрлі жағдайларда бейтаныс адамдармен өзін дұрыс ұстауға үйрету.

Берілген суреттерді қарап шығып, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтады. 

Топтық жұмыс жүргізілді. Әр топ түрлі жағдаяттар жазылған карточкаларды алып, сахналап көрсетті. Дайындыққа 2 минут берілді. 

  1. топ. Бейтаныс адам өзін баланың анасының танысымын деп, баланы өзімен бірге баруға көндіргісі келеді. Мысалы, «Менімен бірге дүкенге барасың ба, мен саған кәмпит сатып әперемін», «Менің үйімде тотықұс бар, сенімен достасқысы келеді». 
  2. топ. Сымбатты жас жігіт баланы өзінің жаңа машинасына отыруға шақырады: «Отыр! Үйдің жанында машинамен жүреміз. Рульге отырғың келе ме?  Біз шамалы серуендейміз. Тіпті анаң да білмей қалады».   Жауап беру үлгісі «Рақмет, мен асығыспын!», «Кешіріңіз, мені анам күтіп отыр», «Бізде де дәл осындай машина бар», «Мен сізбен сөйлескім келмейді!». 
  3. топ. Бейтаныс адам пәтердің қоңырауын соғады. Жеделхат әкелгенін айтады. Балалар үйде жалғыз болады. Балалардың жауаптары: «Қазір мен анамды шақырамын (көршісіне телефон соғады), «Анам ваннада, кішкене күте тұрыңыз». 

4-топ: Бала гипермаркетте адасып қалады. Ол не істеуі керек? 

Жүгіріп анасын іздейді.