“Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя” » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » “Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя”
17
December
2024

“Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя”

  Желтоқсан айының   1712.2024. күні  3- сыныпта  білім алушылармен   Отбасы күніне орай “Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя” атты тәрбие сағатын өтті. 

Мақсаты: Отбасы құндылықтарын арттыра отырып, мейірімділікке, сыйластыққа, құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Кішіпейілділік, қамқорлық, бауырмалдылық қасиеттерін арттыру. Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.

Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым - қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін сыйластық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық, адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.Отбасын құрғанда адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қойMay, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады. Толыққанды тәрбие алған баланың келешегі кемел, болашағы жарқын болары айдан анық. Тәрбие сағат барысында оқушылар психологпен тренинг өткізіп,жұмбақтар шешті .Отбасы туралы тақпақтар айтылып,караокемен ән салды.
 ”Бауырыңды тап”ойынын ойнап,бір-бірін құттықтады.

Сынып жетекшісі: Балабекова Ж.С.