«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » «Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты
02
September
2024

«Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты

      Қыркүйек  айының   02.09. күні  3- сыныпта  «Менің Отаным-Қазақстан»

тақырыбында  тәрбие  сағаты   өткізілді. 

Тәрбие  сағатының   мақсаты: Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге,ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды, ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу.

Сабақты  Мемлекеттік Әнұраннан бастадық. Келесіде сабақтың кезеңдеріне өттік. Интербелсенді тақтадан бейнебаян көрсетілді. Бейнебаян бойынша сұрақтар қойылды. Құндылықтарға  назар  аударды.

          1.Бейнебаянда не туралы айтылды?

          2.Есіңде қалған қандай көріністі айта аласың?

           3.«Патриот» деген сөзді қалай түсінесің?

« Менің Отаным-Қазақстан» тақырыбында викториналық  ойын ойнатылды. Оқушылар сынып сағатына белсене қатысып,  Отанымыз Қазақстан туралы  көптеген мәліметпен танысты.

 Сабақтың келесі бөлімінде  қауіпсіздік ережесі туралы сұрақ – жауап бөліміне тоқталып, « 

Жолда  жүру ережесі»  туралы   видеоролик көрсетілді.

Қазақстан - сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді ұмытпауымыз тиіс деп  сынып сағатымызды аяқтады .