"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі"
26
October
2024

"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі"

      2024 жылдың 26 қыркүйек күні Байсейіт Жылкелдин атындағы 

№30 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді. 

Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата- ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; бала қауіпсіздігі бірінші орында екенін, үнемі назарда ұстау керектігін жеткізу. 

Жиналыс ашық пікіралмасу форматында жүзеге асырылып, балалардың өмір қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердегі қауіп-қатерлер туралы сөз қозғалған іс-шара болды.

Parents қауіпті жағдайларды дер кезінде қалай анықтау және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қолдану керектігі туралы қадамдық ұсынымдар берілді. 

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «Жеке қауіпсіздік» тақырыбындағы сабақтар оқушылардың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, «Өнегелі 15минут» бастамасы ата-аналармен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған.Балаңызбен күн сайын 15 минут шынайы жүректен әңгімелесу оның өзіне деген сенімін нығайтуға, маңызды өмірлік құндылықтарды меңгеруге және дұрыс тәрбие алуға көмектесетіні туралы айтылды.

Жиналыста күн тәртібінде барлық мәселелер қамтылып, жаңа оқу жылындағы тәртіп ережелері жайлы түсіндірілді.Жиналысқа келген ата -аналар мен қонақтар кері байланысқа шығып , жиналыс жоғары дәрежеде өтті деп , алғыстарын білдірді.