Ата кәсіп – берекенің бастауы
Халық мұраларының үлкен бір мәуелі бұтағы — ата кәсіп.
Ата кәсіп — телегей-теңіз дүние арасында ауқымды орны бар, халық болмысымен ежелден біте қайнасып келе жатқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазіргі уақытта да тарих сахнасынан түсіп қалMay, жаңа даму кезеңін бастан өткізіп отырған халық шаруашылығының бір санатына жатады.
2024 жылдың қазан айында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі
«Даналық мектеп» аясында 3 сынып оқушыларының аталарының қатысуымен "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру аясында, "Ата - аналарды педагогикалық қолдау" орталығының шеңберінде , "Даналық мектебі" , "Ата өсиеті" "Ата кәсіп - берекенің бастауы" тақырыбында өз жұмысын жалғастыруда.
Мақсаты: Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара байланысты нығайту, танымдық-тәрбиелік әлеуетін жан-жақты ашып,отбасында тәрбие құралы ретінде қолдана білуге ықпал ету.
Болашақ ұрпаққа еліміздің ұлттық құндылықтарын санасына сіңіру,рухани мәдениетке тәрбиелей отыра күнделікті өмірде қолдануға баулу мақсатында «Ата кәсіп – берекенің бастауы» атты қолөнер бұйымдарды ата, әкелерімен бірігіп жасау көрмесі өткізілді.
Оқушылардың бойына халқының қадір -қасиетін сіңіріп,ата - баба дәстүрін сақтауға ,қарттарымызды құрметтеуге тәрбиелеу.Аталар мектебінің мүшелері оқушыларға ақыл кеңестерін айтып ,өмірден түйген ойларын ортаға салды.
Адам мен табиғат егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы ашылып, көңілі көтерілері анық.