ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ
30
September
2024

ТУЫСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС - БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

  Қуанғанда қуанышымызды бөлісіп, өкпелесек назымызды көтеріп қателігімізді кешіре білетін тек ағайын-туыстарымыз ғана. Туыстық қарым-қатынасты халқымыз қашанда жоғары қойған.

 2024 жылдың 30 қыркүйек айында Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі 

 «Даналық мектеп» аясында 3 сынып оқушыларының аталарының қатысуымен «Туыстық қарым-қатынас - баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. 

Шараға қатысқан аталарымыз ағыйын-туыстың алар орны, олардың жағдайын сұрау, сәлемдесу, сыйлықтар беру, мұқтаж болса материалдық көмек көрсету, үлкендерге құрмет білдіру, кішілерге мейірімділік таныту, олардың мәселелерін шешуге ұмтылу және сол сияқты қарым-қатынастар туралы ақылдарын айтып оқушылардың қойған сұрақтарына жауаптарын беріп, сынып жетекшісіне алғыстарын білдірді. 

Шара соңында оқушылар аталарды 1 - қазан Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. 

Шара өте қызықты өтті. 

     Мақсаты: Туыстық қарым-қатынасты нығайту, сезіндіру және ұлттық құндылықтарды арттыру.

     Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мән-мағынасы өте үлкен. Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады», – демекші, туған-туыспен жақсы қарым-қатынас жасаудың бір әулеттің ғана емес, жалпы қоғамдық бірліктің берік болуына ықпалы зор. Ұлттық құндылықтарымыз – дініміз, тіліміз бен діліміздің ерекшелігі ретінде бірегейлігімізді айқындайтын рухани идеалдарымыздың жиынтығы. Ендеше, имандылықтан бастау алатын, халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде атадан балаға беріліп, даналықпен дараланып, жалғасын тауып келе жатқан адамдық асыл құндылықтарымызды сақтай отырып, ұрпағымызды заман талабына сай, бәсекеге қабілетті, білім мен ғылымға, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылық пен отансүйгіштікке тәрбиелей алуымыз қажет екенін аталарымыз айтып өтті.