«ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» КЛУБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Биылғы жылы да «Даналық мектебі» клубында «Ата өсиетін», «Әже даналығын», «Аға қамқорлығын», «Жеңге кеңесін» жан-жақты түсіндіретін 4 мектеп жұмыс жасайды. Әр мектеп бойынша 2 тақырыптан, барлығы 8 тақырып қарастырылады. І жартыжылдықта 4 іс-шара, ІІ жартыжылдықта қалған 4 іс-шара өткізіледі. Activityды ұйымдастыру формасын таңдауда мектептегі жауапты тұлғаларға еркіндік беріледі. Ол алқалы жиын (дөңгелек үстел), сұхбат, семинар, кездесу, жеке тағылымдық сабақтар, пікірталас, байқау, т.б. болуы мүмкін. Клуб жұмысына жауапты адамдарға қиындық туғызбау үшін еліміздің әр өңірінен жиналған педагогтер жоғарыда айтылған 8 іс-шараның сценарилерін дайындады.
Республика мектептері осы дайын сценарийлерді пайдаланады. Атап айтатын болсақ, «Ата өсиеті» бойынша «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында интерактивті сабақтың сценарийі жазылды. Бұл шараның мақсаты – туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын дәріптеу. Сабаққа қатысып, туыстық қарым-қатынастың маңыздылығын түсінген аталар «сөзжұмбақ», «сыңарын тап», «кім болады»? ойындары арқылы немерелері мен жиендеріне жақын адамдардың қалай туысатынын түсіндіріп, туыстық атауларды үйретеді. Жағдаяттарды шешу арқылы ағайын арасындағы сыйласықтың артуына мүмкіндік жасайтын болады. Екінші тақырып: Ата кәсіп – берекенің бастауы (немеремізге мамандық таңдауға қалай көмектесеміз?) Қаласақ та, қаламасақ та бала 9-11 сыныпқа келгенде мамандық таңдау мәселесі алдынан шығады. Осы уақытта атасы да шамашарқы жеткенше немересіне көмектескені, ақылын айтып жол көрсеткені дұрыс деп ойлаймыз. Осы шара арқылы оларға мамандық таңдауда нені ескеру керек деген мәселеге жан-жақты тоқталатын боламыз. Аквариум, инсерт әдістері қолданылады. Feedback беріліп, рефлексия жасалады. Біздің мақсатымыз - пікір таластыру емес, пікір алмаса отырып, ой бөлісу. Баланың мамандық таңдауда дұрыс шешім қабылдауына атасы ықпал етсе, бейімділігі мен қабілетінің сәйкес келуін қадағаласа деген ниетпен клуб жұмысына осы іс-шараны енгізіп отырмыз.
Әже даналығын дәріптеу үшін «Әжелердің өшпейтін өнегелі үлгісі» тақырыбында алқалы жиынның сценарийі жазылды. «Ой қозғау», «қабырғадағы рөл», «жағдаят шешу» (кейс-стади) әдістері қолданылады. Әжелер жағдаятты жәй шешіп қана қойMay, шешімнің артықшылығы мен кемшілігін салыстыруды үйренеді. Бұл шараға қатысқан әжелер өздерінің отбасылық тәрбиедегі жауапкершілігін түсінеді. Немерелеріне нені, қалай үйрету керегін біледі. Мысалы немере-жиендеріне әлеуметтік желіде өз парақшасын қалай жүргізу керегін, бейтаныс адамдармен қалай қарымқатынас жасауды, қиындыққа тап болғанда өзін қалай ұстауды, ренжісіп қалған досымен қалай татуласу керегін үйретіп отырса, қандай жақсы?! Әже мектебі бойынша екінші іс-шара - «Өнегелі өмір» тақырыбындағы кездесу кеші. Әр өңірде өз аймағынан шыққан әртүрлі саланың мамандары болады. Кездесуге өз саласында жетістікке жеткен, істеген ісі елге үлгі, өнеге болатындай танымал адамдар шақырылады. Ал қолдарыңыздағы – дизайнермен кездесуге арналған сценарий. Мұнда қойылатын сұрақтар, орындалатын әндер, кездесу барысында орындалатын жұмыстар ойластырылған. Жәй сұрақтар емес бүгінгі күні өзекті деген сұрақтарды қамтуға тырыстық. Сценанарий бойынша қонағымыз дизайнер болғандықтан ісмерліктің бір құпиясын әжелермен бөлісетін жұмыс кіргіздік. Әжелер дизайнерден үйренген құпиясын немерелеріне үйретсе, жақсы емес пе?!
Ұлы Абай:
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз, - дейді.
Әжелеріміз де немерелеріне жақсы адамдарды үлгі етіп отырса деген оймен осындай тақырып енгізіп отырмыз.
Ініге, қарындасқа ең жақын адам аға. Отбасылық тәрбиеде ағаның жауапкершілігі үлкен. Аға бауырларынан, қарындастарынан қолынан келген қамқорлығын аямауға тиіс. Осы тұрғыда «Аға болсаң, ақыл айт» тақырыбында тренингтің сценарийі дайындалды. Бұл шараға қатысқан ағалар әкесіз қалса да, отбасындағы өзінен кішілерге әкесінің жоқтығын білдірмей өсірген адам туралы бейнеролик көреді. Тағылымды, ғибраты мол ролик. Сонымен қатар түрлі жағдаяттарды шешу арқылы ағалық жауапкершіліктің салмағын сезініп, іні-қарындасына қамқорлық жасауды дағдыға айналдырады деп сенеміз. Іс-шара барысында топтық жұмыстарда «жағдаяттарды шешу», (кейс-стади) «сәйкестендіру», «мәселені бірлесе шешу» әдістері қолданылады. Ойын ойналып, ұлағатты әңгімелер тыңдалады.
Аға қамқорлығы бойынша келесі шара – «Жирен жаман әдеттен» тақырыбындағы бес кезеңнен тұратын сайыс сабағы.
1. «Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені» - таныстырылым кезеңі
2. «Сұрақ-жауап» сайысы
3. Тығырықтан жол табу» сайысы – жағдаяттан шығу
4. «Біз оқыған бір кітап» сайысы. Оқыған кітабынан мағыналы түйінін анықтау, көзқарасын білдіру.
5. «Мен ініме не үйреттім?» - ағасы өз іні, қарындастарына не үйреткенін, қандай дағдылар мен іс-әрекеттерге баулығанын көрсету сәті.
Сайыс соңында қатысушылар бүгінгі іс-шарадан түйгендерін «Аға жолы» қойын дәптеріне жазады. Сайысқа қатысқан ағалар іс-шарадан көрген, білген, түйгендерін іні-қарындастарына айтып, олардың жаман қылықтан сақ болуына көңіл бөліп жүреді деп есептейміз.
Отбасылық тәрбиеде жеңгенің орны ерекше, оны жоққа шығаруға болMayды. Бірақ оның күннен күнге бағасы кеміп, жойылып бара жатқанын мойындауымыз керек. Баяғы заманда үйге келін түскен бойы қайынсіңлілерінің тәрбиесі автоматты түрде жеңгенің мойнына түсетін. Сондай жауапкершілігі мол ауыр қызметті жеңгелер де қыңқ етпей көтеріп, ұзатылып кеткенше қайынсіңлілерінің қас-қабағына қарап, білгенін үйрететін. Ал қазір ше?! Қазір де ондай жеңгелер бар. Бірақ азайып бара жатыр. Барлық үйдегі жеңгелер сондай болса деген ниетпен «жеңге кеңесіне» де 2 тақырып алып отырмыз. «Жеңге мінезімен көркем» тақырыбында тренинг өткізіледі. Қатысушылар алыстан келе жатқан қайынінісін қалай күтіп аламыз деген тақырыпта ой бөлісіп, қайынсіңлі мен жеңге арасындағы татулықты қалай сақтауға болатынын талқылайды. Сонымен қатар «Егер блогер болсам...» айдарымен, «Жеңгелер институтын» жаңғырту үшін не істеу керегін ортаға салады. Жүргізуші осы шараны өткізу барысында бейнероликтермен жұмыс жүргізу, «қос баған» кестесін толтыру әдістерін қолданады. «Жеңгелерге жеті кеңес» тақырыбында алқалы жиынның сценарийін ұсынып отырмыз. Алқалы жиынға келгендер «Бүгінгі күні жеңге қандай болуы керек»? деген сұраққа жауап алып кетеді деп ойлаймын. Қазақтың «Ат тергеу» дәстүрінің қыр-сырын түсініп, күйеуінің туыстары, әсіресе қайыніні-қайынсіңлілеріне қандай ат қоюға болатынын ақылдасады. Отбасындағы сыйластықты, татулықты сақтаудың құпиясына үңіледі. Сыр сақтау керегін түсінеді. Спикерлер жеңгелерге төмендегідей кеңестер айтып, оны ортаға салады.
1. Жасы кішілердің махабатына бөлену үшін оларды бөліп жарMay, бәрін бірдей жақсы көруіміз керек
2. Қайынсіңліңнің жан сырымен бөлісетін сырласына айналу. Ондай кезде жеңге сырға берік болуы керек. Сыр сақтай білу - үлкен өнер.
3. Үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу. Сонда келінге, жеңгеге деген құрмет те арта түседі 4. Қайыніні-қайынсіңлі бойындағы қабілетті, дарынды жазбай танып, ақыл-кеңес айтып, болашағына жол сілтеп отыру
5. Орайы келгенде әзілдесіп жүру. Қайыніні-қайынсіңліңе қалжыңдасып жүруді үйрету. «Әзілің жарасса атаңмен ойна»
6. Қыз - Келін - Жеңге - Ана - Ене деген тіршілік тізбегін ұмытпай, әр кезеңдегі статусыңа лайық болу
7. Ұлттық құндылықтардың сақталуына назар аудару.