«Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар»
2024 жылдың 4-қараша айында «Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар» атты тақырыбында қауіпсіздік сабағын 3 сынып білім алушыларына сынып жетекші Балабекова Жадыра және информатика пән мұғалімі, мектеп психологы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Барлығы 16 оқушы қатысты.
"Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі", "Интернеттегі қауіптер", "Әлеуметтік желідегі қауіпті ойындар" тақырыптарында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Мақсаты - интернет желісіндегі оқушыға қауіп тудыруы мүмкін ойындар және олардың адам өміріне зияны мен қауіпі туралы ақпараттандыру.
Дені сау, бақытты өмір сүру үшін бұл ойындардан аулақ болуға шақырды.
Егер өзіңді ерік-жігер, батылдық және т.б. сынағыңыз келсе, спорт секцияларына жазылуы керек. Бұл нағыз жаттықтырушылар мен шынайы дос табатын өте қызықты секциялар, бұл денсаулыққа пайда әкеледі.
Ғаламтордағы қауіпті ойындар мен олармен қалай күресуге болатыны туралы досыңа әңгімелеп бер-деп аяқтады сөзін.
Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=8