04
November
2025
КҮЗГІ ДЕМАЛЫС: 1 КІТАП - 1 КЕЙІП🔱КЕР - 1 ОЙ
Байсейіт Жылкелдин атындағы N30 жалпы орта білім беретін мектеп “Күзгі демылыс: 1 кітап-1кейіпкер 1 ой” тақырыбында пікір алмасу өткізілді.
«Күзгі демалыс: 1 кітап – 1 кейіпкер – 1 ой»
Мақсаты:
• Оқушылардың күзгі демалысын мәнді өткізуге жағдай жасау;
• Кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;
• Әдеби кейіпкерлер арқылы адамгершілік, ізгілік, достық сияқты қасиеттерді дәріптеу;
• Әр оқырманның оқыған кітабынан түйген ойын, әсерін бөлісуге баулу.
Кітапханада ерекше форматтағы кездесу өтті:
«1 кітап – 1 кейіпкер – 1 ой» атты әдеби шарада оқушылар өз сүйікті кітаптарымен бөлісіп, кейіпкерлерге хат жазып, ой түйіндерін ортаға салды.
Кітап – демалыстың ең жақсы серігі екенін тағы бір дәлелдеді.
Кітапханашы: Кадырова П.

