Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану » СШ№30 им. Жылгельдина
Zhambyl region әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану
16
September
2021

Денсаулық негізі-дұрыс және тиімді тамақтану


Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде «Денсаулық негізі- дұрыс және тиімді тамақтану» тақырыбында оқушыларға тамақтану мәдениеті мен тамақтанудың денсаулық үшін маңызы зор екенін, тамақтануды дұрыс ұйымдастыру мен тамақтану гигиенасы жайында білімдерін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына Жасыбаева А дәрістер оқып, әңгімелер жүргізді.
«Тамақтану тәртібі» туралы 1-4 сыныптарға дәріс берілсе, «Тамақтанудың негізгі ережелері» , «Тамақтану процесінің принциптері», «Тамақтану сауаттылығы» туралы 5-8 сыныптарға слайдтар, бейнекөрсетілімдер көрсетілді. Адамзат денсаулығының басты шарты – дұрыс тамақтану. Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. «Дұрыс тамақтану- әр адамның өз қолында!» деген ұран сөзбен сынып жетекшілер және тамақтандыруға жауапты мамандар сұрақ-жауап сағатын аяқтады.