21
October
2024
«Мен мамандығымды сүйемін» жас мамандармен тренинг
Мектепте жас мамандармен «Мен мамандығымды сүйемін» тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты: жас мамандардың ұжымға бейімделуі, өзін құрметтеуі, өзіндік бағалауларын анықтау Барысы:«Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау: - қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. «Сиқырлы көл» тренингіМақсаты: Жеке тұлға өзін-өзі құрметтеуге, сыйлауға үйрету, өзін-өзі бағалауға үйрету.Мазмұны: Қатысушылар дөңгелене отырып, көздерін жұмады. «Қазір мына қорапты бір-біріңе кезекпен жалғастыру керек. Қорапты алған адам көзін ашып, қораптың ішін қарайды, оның ішінде әлдебір керемет көл бар, сол көлдің ішінде жер бетінде ең тамаша адамды көресіздер. Оған күлімсіреп қарау қажет.
Құрал –жабдықтар: қорап, айна.Тренингке жас мамандар белсене қатыса отырып,өз ойларын ортаға салды.