«Жылдамдық – басты күш»
Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 10- маусым күні мектеп жанында « Күншуақ» сауықтыру лагері аясында бастауыш сыныптың дене шынықтыру пәні мұғалімі Шамилов Бақытжан ұйымдастырған «Жылдамдық – басты күш» атты спорттық жарысты сәтті, жоғары деңгейде өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың жылдамдық қасиетін дамыту, ептілік пен шапшаңдықты арттыру, қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту және жарысқа деген қызығушылығын арттыру.