Іс-әрекеттегі зерттеу - мұғалім тәжірибесін жетілдіру жолы » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Іс-әрекеттегі зерттеу - мұғалім тәжірибесін жетілдіру жолы
14
апрель
2023

Іс-әрекеттегі зерттеу - мұғалім тәжірибесін жетілдіру жолы

               Іс-әрекеттегі  зерттеу - мұғалім тәжірибесін жетілдіру жолы

     Білім сапасының кепілі –мұғалімнің кәсіби дайындығы мен шеберлігі. Ал мұғалім шеберлігі тәжірибеде шыңдалады. Қазіргі  кезде жаңартылған білім мазмұнына сәйкес Педагогикалық шеберлік орталықтары  әзірлген  бағдарламаларда  мұғалімдерге күнделікті  тәжірибесін зерттеу  негізінде  кәсіби дамуына ықпал ететін  заманауи тәсілдер қарастырылған. Солардың бірі — іс-әрекеттегі зерттеу.  «Іс-әрекеттегі зерттеу (Уилсон, 2013) тәжірибені жетілдіру мақсатында қабылданған іс-әрекеттер туралы ақпарат беру үшін жалпыға бірдей танылған зерттеу әдістері мен мәліметтерді жинау қолданылатын ғылыми танымның бір түрі болып табылады». Бұл әрекетте  мұғалім проблемаларды өз бетінше анықтап, оларды зерттей отырып, өз тәжірибесін жетілдіреді және оны өзгертеді. Сапалы қолданылған әдіс  сапалы білімге жетелейді. Осы тұста, іс-әрекеттегі зерттеу Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 3,5-сыныптарында жүргізілді. Әуелі  өзекті зерттеу тақырыптары айқындалып, бір тарау бойынша тізбектелген сабақтар  өтті. Сабақ өткізген 3-сынып мұғалімі Р.Шолпанқұлова мен 5- сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Досалиева сабақтан кейінгі рефлексивті есептер жасап, іс-әрекеттегі зерттеудің өз тәжірибелеріне қаншалықты әсер еткені және оқыту мен оқудағы өзгерістер, оқушылар белсенділігінің артқандығы туралы әріптестерімен ой бөлісті. Бұл инновациялық тәсіл  педагогтердің зерттеу құзыреттілігін қалыптастырудағы тиімді әрі нәтижеге бағытталған әрекет болды.