7 сәуір-Бүкілдүниежүзілік денсаулық күні » СШ№30 им. Жылгельдина
Жамбылская область әкімдігінің білім басқарамасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Байсейіт Жылкелдин атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » 7 сәуір-Бүкілдүниежүзілік денсаулық күні
05
апрель
2019

7 сәуір-Бүкілдүниежүзілік денсаулық күні

Б.Жылкелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектебінде
7 сәуір «Денсаулық күніне» орай өтілген
спорттық іс-шаралардың
Хабарламасы
7 сәуір Бүкілдүниежүзілік денсаулық күніне «Салауаттты өмір- көтеріңкі көңіл», ұранымен орай өтілетін спорттық іс-шаралардың жоспары жасалып, мектеп директорымен бекітілді. «Денсаулық күні» 7 сәуір күні сағат 1000 мектеп ұстаздары мен оқушылары спорт алаңына сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Н.Керимкулов,ДОІЖО Жасыбаева А,ДТЖО Едилова Ж, спортттық іс-шараларға қатысушыларды құттықтап, оқушыларды салауатты өмір салтын ұстауға, жеке бас гигинасын сақтауға, дене шынықтырумен спортпен шұғылдануға мектеп партасынан - ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге шақырды. Әр бір азамат спортпен айналысып, әртүрлі спорт секцияларына қатысып еліміздің дені сау, рухы күшті азаматы болып өсулеріне тілектес екенін білдірді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері: Көбейбаев А, Әбдразақов Б, қалдыбеков Е. жарыстың өткізу ережесімен таныстырды. «Денсаулық күні» оқушылардың спорттық жаттығуларымен басталды.